Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Кентауда Кентау Сейдолласын ұмытпайды» атты өнер кеші өтті

Кентауда Кентау Сейдолласын ұмытпайды» атты өнер кеші өтті

Кентау орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің № 37 көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 21 тамызы күні Кентау қаласының Сейдолла Бәйтереков көшесінде «Кентау Сейдолласын ұмытпайды» атты өнер кеші болып өтті.

Іс шара мақсаты: ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» жобасы аясында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары есімдері Кентаудың көшелеріне берілген адамдар туралы деректер, қаланың кешегі тарихымен бүгінгісі тек өлкетанушыларды ғана емес, бүкіл қалалықтарды, өз қаласына сүйіспеншілікпен қарайтын жандарды, «Кентау қаласының көшелері» жобасы аясында қала көшелеріне есімдері берілген тұлғалармен қала тұрғындарын таныстыру.
Іс шараға С.Бәйтереков көшесінің тұрғындары, Сейдолла Бәйтереков атындағы музыкалық мектеп қызметкерлері, арнайы кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында С.Бәйтерековтың өмірі, шығармашылығы таныстырылып, композитордың әндеріне жазылған «Жан досым», «Сарыарқа», «Кентауым гүл бағым» атты әндері және тағыда басқа әндер шырқалды, композиторға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды. Сондай-ақ С.Бәйтерековке жайлы шығарылған библиографиялық көрсеткіш көше тұрғындары мен қонақтарға таратылып берілді.

Пікір жазу