Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАННЫҢ АБАТТАНУЫНА КЕЛЕСТІКТЕР АТСАЛЫСУДА

ТҮРКІСТАННЫҢ АБАТТАНУЫНА КЕЛЕСТІКТЕР АТСАЛЫСУДА

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласын 16 секторға бөліп, оған жауапты ретінде облыстың аудан, қалалары мен басқармалары, жергілікті әкімдіктің дербес бөлімдері бекітілген болатын. Қаланы секторларға бөлудегі басты мақсат — қала аумағының инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру, көгалдандыру және суландыру жұмыстарын жандандыру. Түркістан қаласындағы 16 — сектор бойынша атқарылатын шараларға Келес ауданы әкімдігі, Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы және Түркістан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік сатып алу бөлімі бекітілген болатын. Осы мақсатқа сәйкес 16 сектордың картасы мен жадынама дайындалып, барлық жауаптыларға таратылған. Жадынамаға сәйкес 16-сектор жауаптылары, яғни Келес ауданы әкімдігі, Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы және Түркістан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік сатып алу бөлімі жауапты мамандары 1-тамыздан бастап белгіленген аумақтары бойынша толық инвентаризация (жер көлемін анықтау, тұрғын үйлер мен халық саны, көшелер мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың санына түгендеу жүргізу) жұмыстарын жасады. Осығын орай бүгін Келес ауданы әкімідігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен 16-сектор аумағына тазалық жұмыстарын ұйымдастыру сондай-ақ сектор аумағын абаттандыру бойынша ұсыныстарды талқылау мәселесінде жиын өтті. Жиында аудан әкімінің орыбасары, 16-секторға жауапты етіп бекітілген Алмас Сексенбаев сектор аумағының жағдайымен таныстырып, атқарылар жұмыстардың жобасымен бөлісті. Жиынға дербес бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округтер әкімдері қатысып өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиын барысында аудан басшысы алдағы сенбі күні, 16-сектор аумағына тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік жұмыстары жүретінін мәлімдеді.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*