Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында Түркістан облысында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесі өтті.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Конференцияның мақсаты – білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістер мен өзекті мәселелерді, оның шешу жолдарын қарап, тәрбие мен білім сапасын көтеру сияқты басты міндетті талқылау. Еліміздегі мектеп оқушыларына сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау; білім деңгейін көтеру; мамандар әлеуетін арттыру;білім мазмұнын жаңарту; Қазақстандық білім беру жүйесінің даму стратегиясын айқындау.

Кеңеске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, облыс мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің өкілі, аудан-қала әкімдері, аудандық-қалалық білім бөлімдерінің басшылары, педагогтер, қоғамдық ұйым басшылары, ата-аналар, комитет төрағалары мен БАҚ өкілдеріқатысты. Жиында алғы сөзді алған облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өткен оқу жылындағы жетістіктер мен нәтижелерді атап өтті.

 

Пікір жазу