Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Тамыз кеңесінде облысымыздың бірқатар үздік педагогтары мен ардагер ұстаздары марапатталды

Тамыз кеңесінде облысымыздың бірқатар үздік педагогтары мен ардагер ұстаздары марапатталды

Бүгін Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында Түркістан облысында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесі облысымыздың үздік педагогтары мен ардагер ұстаздарға «Алтынсарин» және «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР Білім және Ғылым министрінің және Түркістан облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Түркістан облысында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға қамту 96,5 % -ды құрап, жыл соңына дейін 100 % -ға жеткізу міндеті тұр. Биыл 11-сыныпты – 24513түлек бітірсе, 9-сыныпты 38 мың бітірушінің 10 мыңға жуық түлегі колледжге оқуға түскен, ал 1-сыныпқа 53 мың оқушы келеді деп күтілуде.

Жыл сайын оқушы санының өсуіне байланысты 2018-2025 жылдарға дейін облысқа жаңа 184 мектеп салу жоспарланған болатын. Биыл 68 білім нысанының құрылысына 23,5 млрд. теңге бөлініп, биылғы жылдың соңына дейін 22 нысанның құрылысы пайдалануға беріледі, қалған 46 білім нысаны 2020 жылға өтпелі.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*