Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «100 жаңа оқулық» тақырыбындағы дөңгелек-үстел

«100 жаңа оқулық» тақырыбындағы дөңгелек-үстел

Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сай Келес аудандық кітапханасымен бірлесіп «100 жаңа оқулық» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы бағыттары жайлы түсінік беру. Қазақ тіліне аударылатын әлемнің үздік оқулықтары жайлы таныстыру.


Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатыр.
Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау. Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.
Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ.

Пікір жазу