Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕ «БІЛІМ АЛ — КАПИТАЛЫҢДЫ ӨСІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «БІЛІМ АЛ — КАПИТАЛЫҢДЫ ӨСІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Бүгін  Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстары аясында  «Білім ал – капиталыңды өсір» тақырыбында ауқымды оқу тренинг өткізді!

Бұл оқу қаржылық білім мен тәжірибені жетілдіруге бағытталған жұмыстардың бірі. Тыңдаушылар үшін қаржылық сауаттылықтың негізін түсінуге, аудиторияға өзінің жеке-меншік қаржылық қорын өздігімен басқара білуге көмектеседі. Қаржылық нарықтың жұмысы, қаржы институттары мен олардың ұсынатын өнімдері, тәжірибе мен дұрыс қолдану жолдарын жеңіл әрі түсінікті тілде түсінген тренингке келушілер қаржылық сауаттылық тақырыбы аясында түрлі лекциялар тыңдады!

Иә, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстары аясында  Қазақстан Ұлттық банкі ауқымды ақпаратты-түсіндіру іс-шараларын өткізуде. Бұл қаржылық білім мен тәжірибені жетілдіруге бағытталып отыр. Білім беру бағдарламасы ең алдымен әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындарға арналған. Бірақ, оған кез-келген адамның қатысуына мүмкіндік бар. Бұл тыңдаушылар үшін қаржылық сауаттылықтың негізін түсінуге, аудитоияға өзінің жеке-меншік қардылық қорын өздігімен басқара білуге көмектеседі. Арнайы өткізілетін іс-шарадар, қаржылық нарықтың жұмысы мен қаржы институттары туралы мамандардың пікіріне құлақ түрсек.

Әрине, тұрғындардың қаржылық сауаты жоғары деңгейде емес. Сондықтан, бұл семинардың қарапайым тұрғындар үшін берері мол. Бұдан бөлек, осын тренингтер еліміздің басқа да аймақтарында ұйымдастырылмақ.

Пікір жазу