Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІМЕН ҚОСЫМША АЙНАЛЫСАТЫН ӘКЕЛЕР ЖӘНЕ АНАЛАР ҰЙЫМЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БОЛАДЫ

БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІМЕН ҚОСЫМША АЙНАЛЫСАТЫН ӘКЕЛЕР ЖӘНЕ АНАЛАР ҰЙЫМЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БОЛАДЫ

Бүгін Жетісай ауданы Құрманбек Жандарбеков атындағы драма театр ғимаратында жыл сайынғы педагогикалық қызметкерлердің ««Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында білім берудегі дәстүрлер мен иновациялар»» тақырыбымен тамыз кеңесі өтті. Кеңесті Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев жүргізіп отырды.
Кеңеске Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қайрат Әбдірахымұлы Арап, Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы, депутаттар, аудан әкімінің аппараты, қала, ауыл әкімдері, мекеме, қоғамдық ұйым басшылары, жоғары және орта арнаулы білім орындарының басшылары, ауданымыздың құрметті азаматтары, мектеп директорлары мен ұстаздар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алғаш болып сөз алған Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиев төмендегі жайттарды баяндады.

Жаңа оқу жылының маңызды ерекшелігі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі орта білім берудегі оқу-тәрбие бағдарламаларына енгізген жаңалықтар туралы айтып өтсем:
-Биыл жаңартылған мазмұнға 4, 9, 10 сыныптар өтеді, ал 11 сыныптардың келесі жылы өтуіне байланысты республиканың 30 мектебінде апробация жүргізіледі. (2 мектеп –Түркістан облысы);
— Жаңа оқу жылынан бастап, үш жаңа пәндер енгізіледі:
Атап айтқанда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытыла бастайды.
– Жаңа бағдарламаға сәйкес 9 сыныптарға «Құқық негіздері» пәні енгізілді.
– 1-10 сыныптарда электронды күнделік жүйесі жалғасады, ал 11 сыныптар классикалық журналмен жұмыс істейді.


– Мектепке дейінгі және мектепалды дайындықтан өтпеген 6 жасқа дейінгі балалар үшін білім беру ұйымдарында «Бүлдіршіндер мектебі» курстары ашылып жұмыс істеуде.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда ҚР Білім және ғылым министрлігі тәрбиенің концептуалды негіздерін бекітті.
– Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, ата – аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әкенің отбасындағы бала тәрбиесіндегі рөлін күшейтіп, үлгілі отбасыларына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігі туындауда
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ауданымыздағы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға қамту 98,5 % — ды құрап, жыл соңына дейін 100 % -ға жеткізу міндеті тұр.
Бүгінгі күні аудан бойынша 186 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды.
Тәрбие және қосымша білім беру
Өскелең ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойындағы қасиеттерді дамыту мақсатында 2019 жылы аудан оқушылары арасында 50-ден аса ірі іс-шаралар өткізіліп, оған 15 мыңға жуық балалар тартылды.

Екінші болып сөз алған Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қайрат Әбдірахымұлы Арап бүгінгі меркемен барлық ұстаздарды құттықтап алдағы оқу жылына ұстаздар қауымына абырой тіледі.
Кезек жарыссөзге берілді. Оған төмендегі қызметкерлер шығып өз саласындағы жетістіктермен қордаланған мәселелерін тілге тиек етті.
1. Шүкірбаева Ғазиза Әлібекқызы — С.Сейфуллин атындағы № 52 жалпы орта мектебінің директоры.
2. Мустапаева Мөлдір — «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының әдіскері.
3. Әбілбашаров Ержігіт Ортайұлы №2 Балалар өнер мектебі директорының орынбасары.
4. Қожагелді Мөлдір Серікқызы — Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
5. Ташева Болсынай Аханқызы — «Қайнар» ГМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Жамантай Қанайұлы алдағы уақытта аудандағы ұстаздардың қосымша жұмысқа шығармауды қатаң қадағалау керек екенін айтып өтті. Онымен қоса педагог қызметкерлердің айлық жалақысын уақытылы берілетінін, қаражат жағынан алаңдауға негіз жоқ деді. Алдағы уақытта мектептерде «Әкелер» және «Аналар» ұйымын құру керек екендігін, ондағы адамдар жастардың тәрбиесімен мектеп әкімшілігімен біргелесіп жұмыс істеп, жастарды біргелесіп тәрбилейтін ұйым болуы тиіс екендігін айтып өтті. Жиын соңында аудан әкімі біршама ұстаздарды арнайы алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапттады.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*