Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жаңа оқу жылына орай полицейлер «Жүректен жүрекке» акциясын өткізуде

Жаңа оқу жылына орай полицейлер «Жүректен жүрекке» акциясын өткізуде

Төлеби ауданында дәстүр бойынша республикалық «Мектепке жол» акциясы түрлі мекеме қызметкерлері және кәсіпкерлердің қолдауымен өткізілуде.

Бұл туралы Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

«Жүректен жүрекке» деген атаумен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасының балаларына кеңсе тауарларымен қоса сөмке, киім-кешектер және басқа да қажетті затар тегін үлестірілуде. Мұндай көмекті аудандық полиция бөлімінің полицейлері де жасады. Төлебилік тәртіп сақшыларының балаларға әкелген сөмкесінде, кеңсе тауарлары толықтай салынған. Мектепке бірнеше баласын дайындайтын жанұя үшін бұл – үлкен жәрдем болды. Айта кетсек, отбасылық жағдайы аз қамтылған, көп балалы отбасының 3 баласына жаңа оқу жылына мектепке киіп баратын киімдері мен қажетті құрал-жабдықтары сатып, алып берілді. Сонымен қатар, көмек ретінде азық-түлікте жеткізілді. Өз кезегінде жұмыссыз отағасы мен 1-ші топ мүгедегі-отанасы қайырымды, қызметіне адал полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады. Полицейлердің айтуынша, әлеуметтік себепке байланысты сабақтан қалу жағдайларын болдырмау үшін осындай көп көмегімен олқылықтардың орнын толтырып, балалардың жаңа оқу жылына құлшыныспен баруына ықпал ету үшін, осы сынды шаралар ұйымдастырылып отыратын болады. Түркістан облысы полицейлері 2019-2020 жылғы жаңа оқу жылының басталуына орай, облыстық мектеп оқушыларына сәттілік тілеп, білімнің биік шыңынан көрініңдер деген тілектерін жеткізді.

 

Пікір жазу