Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » МУЗЕЙДЕ САҚТАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖӘДІГЕР

МУЗЕЙДЕ САҚТАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖӘДІГЕР

Адамзат дамуына әр түрлі факторлар түйткі болғаны ақиқат. Алғашқы адамдар от жағып, аң аулап, жылқыны қолға үйретіп, қолға үйретілген малдың тұқымын сұрыптап металл өндірісін қалыптастырып, дөңгелекті арба, үзеңгі мен қайқы қылыш ойлап табуының қай-қайсысы да адам дамуының факторлары болып табылады, алайда осы жоғарыда айтылған факторлардан бөлек алғаш кесу құралдарының пайда болуы оның ішінде пышақтың адамзат дамуында алар орны ерекше десек әсіре айтқандық емес.

Бұл сөзімізге дәлел ретінде 2005 жылы әйгілі «Форбс» журналы қалың оқырмандары мен редакторлар және сарапшылар арасында арнайы сауал-жауап жүргізгені туралы мәліметке сүйенуге тура келеді. Сұрақтың негізгі мәтіні адамзат дамуына қандай фактор негіз болып табылатыны. Сұраққа ең көп қатысушы алғаш кесу құралдарының нақтырақ айтқанда пышақтың пайда болғандығы деп жауап берген. Шындығында солай алғашқы пышақтар ежелгі тас дәурінде (палеолит) пайда болған. Алғашында пышақты тастан жаңқалап жасаса, кейін ол бадам дәні тәрізді сопақша пішінге ие болды. Кейінірек пышақтарға ағаштан немесе сүйектен сап жасала бастады. Бұл қлдың қашалмауына бірден бір сеп болды. Әсілінде пышақ кесетін жүз бен саптан тұрады. Жүзі кейде бір жақты, кейде екі жағынан қайралады. Кәзіргі таңда жұмыс құралдардың өткір жүзі, кесетін бөлігі де «пышақ» деп атала береді. Мысалы, сүргінің, еттартқыштың, бульдозердің пышағы, т.б. Пышақ, бәкі, кездік, қанжар – қорғаныста қару, іске келсек кесу, пішу құралы. Жеті қазынаның біріне баланатындығы да содан.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады, – дейді ата-бабамыз.
Қазақ халқында пышақты киелі зат деп ерекше бағалаған. «Кезенген пышақ кез бой ұзарып кетеді» дегендей пышақты жоғары қойып жас балаларға ұстатпаған. Пышақ сөзінің түп төркінін де кесу, пішу немесе «піш» етістігімен байланыстыра қараған жөн. Осы орайда «Әзірет Сұлтан» музейінің қорында да осындай кесу құралдарының бірнеше түрі кездеседі. Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған қола дәуіріне жататын пышақтан бастап 18 ғасырдың қылышы мен қанжары және 19 ғасырдың екінші жартысына жататын ерекше жәдігерлердің бірі есепттік номері КК№2696 Пышақ музей қорында сақталуда. Пышақ екі жүзді етіп жасалып басы үшкірленген, сабының екі жағы металмен қапталған, қолмен ұстайтын жері сүйектен жасалып, сүйектің бетіне қырнау әдісімен толқын спеттес өрнектер түсірілген. Пышақтың жүзі мен сабының арасына сопақша мыс отырғызылған. Пышақтың ұзындығы 23см ені 2,7см. Жәдігерді 2005 жылы Түркістан қаласының тұрғынынан Зат сатып алу комиссиясының 5.04.2005ж. өткен мәжілісінің шешімімен қорға қабылдаған. Айрықша бұл аңшы пышағы қолданысқа әлі толықтай жарамды күйде. Жәдігердің сақталуы жасалу үрдісі, безендірілуі тамашалаушыларды қатты қызықтыратыны да сондықтан.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу