Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ШЫМКЕНТТІҢ ОРТАЛЫҚ САЯБАҒЫНДА «OTBASY FEST» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ ОРТАЛЫҚ САЯБАҒЫНДА «OTBASY FEST» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Отбасы институтын нығайту мен неке және отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған шараға қала тұрғындары мен балалар үйлерінің жеткіншектері, түрлі басқарма қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма мен «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған шараға шаһардағы балалар үйлерінен 100-ге тарта жасөспірім қатысып, өз өнерлерін паш етті.

Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталмыш шараға 500-ге тарта адам қатысты. Онда қала тұрғындары мен олардың отбасы мүшелеріне арналған секциялар ұйымдастырылған. Шарада кеңес беру бұрышы, спорттық жаттығулар, дұрыс тамақтану, балаларға арналған мультфильм, конкурстар, ұтыс ойындары, тамақ фестивалі, концерттік бағдарламалар өтті. Ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен парасаттылық принциптерін енгізу мәселелері қамтылды.

«Мұндай шара қаламызда екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Өткен жылы біз фестивальді негізінен кішкентай нәрестелерге арнасақ, биыл мектеп оқушыларына арналып отыр. Аталған шара бір күн бойына ұйымдастырылады. Акция барысында балалар үйіндегі жасөспірімдердің талантын шыңдау мақсатында концерттік бағдарламалар өткізіледі. Сонымен қатар цирк пен қуыршақ театрының әртістері өз өнерлерін көрсетті»,- дейді Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Динара Оралова.

Іс-шараға қатысқан жанұя мүшелері мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балалары белсенділік танытты. Фестиваль кезінде ата-аналар мен балаларға қажетті қызмет түрлері көрсетілді. Онда жоғары білікті мамандар кеңес беріп, арнайы емтихандар өткізілді. Тұрғындарға заңгерлерден кеңес алу мүмкіндіктері де қарастырылған. Визаж, шаштараз, тырнақ әрлеушілері де қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ йога, би, ашық ауада флэшмоб, концерттік бағдарламалар өтті. Балалар мен ересектер арасында сән көрсетілімі өткізіліп, көңілді конкурстар мен ойындар өтті.

Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар таратылып, барлық жанұяға арналған тимбилдингтер, әртүрлі шоу түрлері ұйымдастырылды. Атап айтқанда айна, сабын, қағаз, трансформаторлық шоулары өтті. Трамплиндер мен аквагримерлер, қуыршақ театры мен аспаздық студия және тағы басқалары да бар.

Сондай-ақ, қатысушыларға балмұздақтар мен тәттілер үлестіріліп, мерекелік шара концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. №3 және №4 балалар үйі тәрбиеленушілеріне «Гауһар тас» тігін фабрикасының демеушілігімен жаңа оқу жылына мектеп формалары таратылды.

 

Пікір жазу