Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ШЫМКЕНТ: ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТ: ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бұл туралы Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы А.Төлебаев брифингте айтты, деп жазады  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

– Шымкентте жыл басынан бері менингококк инфекциясысымен 3 жағдай тіркелген. Тіркелген науқастың біреуі ересек, екеуі 14 жасқа дейінгі балалар. Үшеуінің де денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, ауруханадан шығарылды. Тіркелген жағдайлар бойынша індетке қарсы іс-шаралар толық жүргізілді, індет ошағынан қарым-қатынаста болған 14 адам тіркеліп, барлығы зертханалық тексерілуден өтті, – деді А.Төлебаев.

Мамандардың мәліметінше, серозды менингитпен аурушаңдығымен 143 жағдай тіркеліп, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 95.

– Жыл сайын жаз-күз айларында сероздық менингит және энтеровирустық инфекциямен сырқаттанушылық көтеріледі, бұл жыл сайынғы тіркелетін қалыпты жағдай, өйткені балалар әртүрлі су айдындарында, шығу тегі белгісіз суды ішкенде, жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде, жеке бас гигиенасын сақтамағанда жұқтыруы мүмкін, — деді брифинг барысында жауапты басшы.

Қазіргі күні инфекцияның алдын алуда сала мамандары денсаулық сақтау, білім басқармасымен бірлесе кешенді жоспар бекітіп, кезең-кезеңімен жүзеге асыруды қолға алған. Қала аумағындағы ірі сауда орындары, базар, автобекеттер мен мемлекеттік мекемелерде түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Пікір жазу