Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ҮЙЛЕР 20 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ТАПСЫРЫЛАДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ҮЙЛЕР 20 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Арыс қаласында қалпына келтіріліп жатқан барлық үйлер 20 қыркүйекте тапсырылады. Бұл туралы Түркістан облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов айтты.

Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен жиында әр сектордағы құрылыс жұмыстары баяндалды. Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметовтың сөзінше, Арыс қаласында орналасқан 7, 8, 9, 10 және 11-ші секторларда жалпы зақымдалған үйлердің саны 2971. Оның ішінде, жөндеуді қажет ететін 2563 жеке және 73 көпқабатты тұрғын үйлер, сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан 335 үй бар. Мәселен, Түркістан облысына тиесілі 7-секторда зақымдалған 478 үй тіркелген. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін жеке және көпқабатты тұрғын үйлерде жұмыстар толық аяқталды.

«Шымкент қаласына тиесілі 10-секторда – 636 үй бар болса, бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 8 жеке және 2 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған. Ал Батыс Қазақстан облысына қарасты 11-секторда 627 үй бар. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 107 жеке және 2 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 20-қыркүйегінде барлық үйлер пайдалануға тапсырылады», — деді Ербол Ахметов қалада өткен аппараттық жиында.

Оның айтуынша, жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 100 үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысы қарасты 8-секторда 537 үй бар болса, жөндеуді қажет ететін 65 үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 5 үйдің барлығында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, жиында Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мұхит Тұрысбеков құрылыс-жөндеу жұмыстыраның талапқа сай жүріп жатқандығын жеткізді.

Өз кезегінде Өмірзақ Шөкеев жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, құрылысы баяулап жатқан секторлар бойынша арнайы комиссия құруды тапсырды. Сала мамандарына барлық жұмыстарды қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

 

Пікір жазу