Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС: 1-СЕКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АТСАЛЫСҚАН БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

АРЫС: 1-СЕКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АТСАЛЫСҚАН БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Арыс: 1-сектордың құрылысына атсалысқан белсенділер марапатталды, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты №1-сектор. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс әрі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.Осыған орай, бүгін Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласқан құрылысшылар, еріктілер, сондай-ақ, Атырау облысы мен Жетісай ауданы әкімдігінің қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сектор аумағында тұратын арыстық жергілікті тұрғындарға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастарқан жайылды.
Айта кетерлігі, №1-сектор Көктем шағын ауданында орналасқан. Аумаққа қарасты 571 үйдің 468-і жөндеуден өткен. Оның ішінде 55 үй толықтай басынан тұрғызылып отыр. Бұдан бөлек, 11 кәсіпкерлік нысан жөнделген. Құрылысты барлығы 13 мердігер компания жүргізді. Жалпы құрылысқа 700-ге жуық құрылысшы мен 12 техника жұмылдырылған.

Пікір жазу