Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық активінің мәжілісі өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық активінің мәжілісі өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы негізінде және сол мәжілісте қаралған тапсырмаларды іске асыру мақсатында қалалық партия филиалының партиялық актив мәжілісі өткізілді.

Актив мәжілісінде Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов партияның бастауыш ұйымдарында, фракция отырысында бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспарлар түзіліп, алдағы міндеттер нақтыланғанын атап өтті.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Қаладағы тұрғылықты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін фракция тарапынан нақты жұмыстар істелуі керек. Әрбір депутат азаматтарға жақын болуы тиіс. Біз фракция отырысында барлық депутат өз сайлау округінің әлеуметтік картасын жасау бойынша келісімге келдік. Бұл жерде әр округ бойынша басымдық берілетін проблемалар белгіленіп, бюджет талқылау барысында сол мәселеге көбірек көңіл бөлінетін болады», — деді Б.Төлегенов.

Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қаладағы Самғау сенім оңалту орталығының жұмысына тоқталып, ажырасу бүгінде маңызды мәселелердің біріне айналғанын айтты.

Айта кетейік, басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Республикалық саяси кеңес мүшесі Алия Юсупова, қалалық және аудандық филиал жанындағы Саяси кеңес мүшелері мен партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты.

 

Пікір жазу