Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРЕТІН ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРЕТІН ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында білім күніне орай үш тілде білім беретін 900 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Білім мекемесінің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов жаңа ғимаратты аралап көріп, ондағы балаларға жасалған жағдаймен танысты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, бүлдіршіндердің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, балалар мен ата-аналарды және тәрбиешілерді балабақшаның ашылуымен құттықтады.

Жаңа үлгіде салынған бөбекжай 31 топқа арналған. Онда балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары бар. Бұдан бөлек, балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, балалардың психологиялық ерекешіліктерін қадағалайтын психолог, логопед және ұстаздар бөлмелері бар. Мұнда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, бүлдіршіндердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақша бөлмелері ойын алаңшалары, жатын бөлмелер, дәліздер бейнекамерамен жабдықталған.
Сонымен қатар, әкім Абай Құнанбаев атындағы жекеменшік 1200 орындық мектепті аралап көрді. Мектепте балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндігі бар.

 

Пікір жазу