Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖАНСЕЙІТ АҒА, АЛДАНБАҢЫЗ!..

ЖАНСЕЙІТ АҒА, АЛДАНБАҢЫЗ!..

Бүгінде бетіне маска киіп ғұмыр кешіп жүрген «зиялылар» көбейіп кетті. Сөзімен жыланды да арбап алатын кейбір пенделер, ісімен адам айтуға ұялатындай тірліктерге бой ұратыны көңілімізді кәдімгідей қынжылтып жүр. Сондай адамдардың бірін орыс жазушылары Илья Ильф пен Евгений Петров өздерінің «Алтын бұзау» мен «Он екі орындық» деп аталатын классикалық шығармаларында барынша бейнелеп кеткен болатын…
Ханбибі Есенқарақызы – Остап Бендер емес, әрине! Дегенмен, сол Остаптың істемеген тірліктерін істеп жүргені – оны төбемізге көтеріп жүрген бәрімізге сын! Мемлекеттің заңсыз алған жарты миллион теңгеге жуық қаражатын қайтаруға мәжбүр болған Ханбибі, күндізгі бөлімде оқып жүрген туған немересі Алтынайды қарамағына жұмысқа алып, мемлекет есебінен екі рет екі жылдан астам жалақы төлеп отырған. Осы әрекеттері үшін ауызша ескерту де алған, оған сөгіс те жарияланған. Айта берсек, тағы бар…
Аға, алдыңызға барса, алданбаңыз!..
 
Ә.Ә.

Пікір жазу