Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР 2 АДАМДЫ ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР 2 АДАМДЫ ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Шымкентте өрт сөндірушілер 2 адамды тілсіз жаудан құтқарып қалды, деп хабарлайды  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, бір пәтердегі тұрмыстық заттар жанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер15 адамды эвакуациялады.

Шымкент қалалық төтенше жаңдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін таңғы 8.30 шамасында орын алған.

«2 қыркүйек күні таңғы сағат 8:47-де Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Тұрғындардың айтуынша, төртінші қабаттағы пәтерлердің бірі отқа оранып, жиһаздар, есік-терезе, киім-кешек жанған. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінен 16 адам мен 6 техника жетіп, өртті сөндірген. 3 бала мен 12 ересек адам қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарушылар тағы екі адамды өрт шыққан пәтерден аман алып шыққан. Қызыл жалын 9:15-те ауыздықталған. Сағат 9:45-те толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері қазір анықталып жатыр» делінген хабарламада.

Пікір жазу