Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қаладағы құрылыс нысандары мен әлеуметтік мекемелерде болып, жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сенаторлар алдымен «Shymkent city» қалашығын аралап, ондағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапасы, қаржы мәселелері, сондай-ақ көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарынан кеңінен хабардар болды. Мердігер мекеме басшыларына жұмысты мерзімде аяқтау, инфрақұрылымды дамыту, су, газбен жабдықтау жұмыстарын жүйелі шешуді тапсырды.

Сенат депутаттары, сондай-ақ, Шымкент қаласының Оқушылар сарайында кездесу өткізіп, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы мен оқушылардың лагерлерде демалу барысына қанықты. Сенаторлар білім саласына көп көңіл бөлініп жатқанын, алда лагерьлердің санын көбейту, қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу керек екенін айтты.

Пікір жазу