Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЛЫН» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЛЫН» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Терең білім беретін алтын ұясы. Шымкенттегі Академиялық инновациялық университеті жанынан «Жалын» жалпы білім беру мектебі ашылды. Жаңа мектептегі оқушыларға пән мұғалімдері мен қатар ғалымдар сабақ өтетін болады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Көптің көңілін әнмен баурап бимен жаулаған бұл жаңа мектептің алғашқы оқушылары. Әзірге 300-ге тарта оқушы «Жалын» мектебінде білімін жалғастыруға ниет білдіріпті. Оқушылардың басым бөлігі   Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиядан ауысқан. 10-ға жуық мұғалімде мектеп-гимназиядан келіпті.   Бұл жобада сол білім ұясымен  бірлесіп жүзеге асқан. Құрылтайшының айтуынша мұнда тәлім алатын балалар қаламыздағы озық үлгідегі оқушылармен бәсекелесе алатын болады.

Жарылқасын Оңалбек – «Жалын» жалпы білім беру мектебі ЖШС құрылтайшысы: Қаланың мектептерін көбінде бала саны артып отыр. Біз бұл мектепті балаларға жағдай жасау мақсатында ашып отырмыз. Іргемізде университет тұр біз балаларға тәлім беру ісіне ғылым кондидаттары мен докторларды араластырамыз деп жоспарлап отырмыз. 

«Жалын» жалпы білім беру мектебі жекеменшік. Алайда мұғалімдердің жалақысын мемлекет қаржыландырады. Шәкірттерден оқу ақы алынбайды. 500 орындық мектеп  оқу процесі бір ауысымда. Тағы бір ерекшелігі әр сыныпта 20 баладан артық болмайды. Бұл өз кезегінде шәкірттердің білімін арттыруға зор  мүмкіндік..  Ашылу салтанатына келген ата-аналар жаңа ғимаратты аралап оң бағасын берді.

Шакура Қадырқұлова – ата-ана: Ішін көріп риза болдық. Кабинеттері кең әрі таза. Немеремді алып келіп едім көңілім толып отыр. Жаңа мектепке сәттілік тілеймін. Істері алға баса берсін.

 «Жалын» мектебі баланың ой-өрісін дамытуға бағытталған  барлық құралдармен қамтылған. Әр пәнге  арнайы  кабинеттер жасақталған. Асхана спорт залы да барлық талаптарға сай.   Білім ұясы жаңа мектепте білікті мамандардан  терең білім аламын деген балаларға есігін айқара ашады.

 

 

Пікір жазу