Басты бет » Қала тынысы » ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Бүгін Шымкент қаласы активінің отырысына ҚР Президент аппаратының мемлекеттік инспекторы Берік Батаев қатысты, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының жазбасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» .

Жиында Шымкент қаласының əкімі Е.Айтаханов ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында ең əуелі халық пен билік арасындағы байланыстың маңызды екеніне тоқталды.

— Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды міндеттеді.
Осы тұрғыда азаматтық қоғамға қолдау көрсетуді тапсырды, — деді қала əкімі.

Ерлан Қуанышұлының айтуынша, бұл жергілікті атқарушы органдар үшін маңызды мәселе.
— Бізде өкінішке орай қайталама арыз-шағымдар кездеседі. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан жер, энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларында 7 азаматтан 25 қайталама арыз-шағымдар түскен. Яғни, сырғытпа жауап немесе мәселесі толық шешілмеген, — деген қала əкімі барлық басқармаға халықты әуре-сарсаңға салмай, сырғытпа емес толық және сапалы жауап беруді тапсырды.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*