Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«Бірге түзетейік!» байқауы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Бірге түзетейік!» байқауын жариялайды.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында жүргізілуде.

Байқаудың мақсаты:
— Көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтау;
— Жарнамалардағы қателерді түзетуде облыс, қала тұрғындарының белсенділігін арттыру;
— Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында сауатты қолданылуын қамтамасыз ету.

Байқаудың талаптары:
— Фотосуреттер (телефон, фотоаппаратқа түсірілген сурет);
— Қате анықталған жарнамада нысанның атауы мен мекенжайы көрсетілуі керек.
Байқауға әрбір азамат қатыса алады. Қателері бар жарнамалар фотосуретке түсіріліп, 2019 жылдың 1 қарашасына дейін мекеменің saraptama@tilqazyna.kz электрондық поштасына немесе 8 708 738 87 67 whatsapp нөміріне жолдануы тиіс. Сондай-ақ түсірілген фотосуреттерді инстаграм парақшасына #Til-Qazyna# хештегімен белгілеп салуға болады.
Ең көп қате мен кемшіліктерді анықтаған қатысушылар байқаудың қорытынды шарасында арнайы алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат.

8 (7172) 27-71-33, 8 707 940 70 74 нөмірлеріне хабарласып, қосымша ақпарат алуыңызға болады (Ақпараттық технология және сараптама басқармасы).

 

Пікір жазу