Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: БИЫЛ АБАЙ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ АУДАНДАРЫНДА ЖАҢА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ АБАЙ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ АУДАНДАРЫНДА ЖАҢА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛАДЫ

Биыл Шымкент қаласы Абай және Қаратау аудандарында жаңа фронт-офис ашылады.

Бұл туралы Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиынына белгілі болды.

Президент Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл каражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалатын болады. Бұл бағыт бойынша ағымдағы жылы қалада Әл-Фараби, Еңбекші ауданындағы полиция басқармалары ғимаратында фронт-офистер ашылса, жылдың соңына дейін осындай фронт-офистер Абай және Қаратау аудандарында ашылатын болады.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиыны өткен болатын.

Жиын қала әкімінің төрағалығымен өтіп жатқан шараға әкімдік қызметкерлері, басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*