Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТ: «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

Республикалық акция Шымкент қаласы бойынша 18-19 қазан күндері сағат 09:00 мен 19:00 аралығында қалалық полиция департаментінің фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде өтеді.

Қабылдауда әкімшілік полиция басқармасы, көші-қон қызметі, жол-техникалық инспекциясы, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі, криминалдық полиция басқармасы және басқа да бөлімдердің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарының сұрақтарына жауап береді.

«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтетін орындар:

1) Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның фронт-кеңсесі (Шымкент қ. Елшібек батыр көшесі, №110 А);
2) Әл-Фараби АПБ-ның фронт-кеңсесі (Желтоқсан көшесі, №3);

3) «Обелиск» бекеті (Төреқұлов — Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы);
4) «Жаңа шаһар» бекеті (Мангельдин көш — Темірлан тасжолының қиылысы);
5). «Гагарин» бекеті (Кремль — Гагарин көшелері қиылысы);
6) «Асқаров» бекеті (Асқаров көшесі, «Москва» түнгі клубының алды);
7) «Ынтымақ» бекеті (Ахунбабаев көшесі, «Ынтымақ» тойханасының алды);
8) «Бадам» бекеті (Бадам өзені);
9) «Көл» бекеті (Тәшенов көшесі, «Көл» аялдамасы);
10) «Гарант» бекеті (Байтұрсынов көш — Тәуке хан даңғылының қиылысы);
11) «Имран» бекеті (Тәуке хан — Қонаев даңғылдарының қиылысы);
12) «Орталық саябақ» бекеті (Қазыбек би — Майлы қожа көшелерінің қиылысы);
13) «Тәуелсіздік» бекеті (Тәуелсіздік саябағы);
14) «Доня» бекеті (Уәлиханов көшесі);
15) «Теріскей» бекеті (Рысқұлов көшесі);
16) «Көктем» бекеті (Жібек жолы көшесі);
17) «Евразия» бекеті (Рысқұлов көшесі, «Евразия» базарының маңы).

Сонымен қатар 8-72-52-30-10-30 нөмірі бойынша call-орталық жұмыс істейді.

Пікір жазу