Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ БАЙ БОЛ!» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

«КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ БАЙ БОЛ!» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Шымкент қаласында 15 қазаннан бастап «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы жарияланды. Кітап оқушылар сайысын «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастыруда.

Жоба қатысушылардың танымын кеңейтіп, өресін биіктету мақсатында өткізгелі отыр. Үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынайды.

І кезеңде қатысушылар әдеби шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқуы қажет. Оны Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде эстафета форматында жолдайды. Сондай-ақ эстафетаны Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің аккаунттары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ресми аккаунтын белгілеп, #shymkent #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol хештэгтері арқылы жариялауы тиіс.

ІІ кезеңде әлеуметтік желілерде көп лайк жинап, репосттарға ие болған үздік 10 қатысушы келесі кезеңге жолдама алады. Бұл кезеңде қатысушылар арасында әдеби шығарма желісінде дебат өтеді. Арнайы тағайындалған қазылар алқасы үздік шыққан жеңімпаздарды анықтайды. Байқауға қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі.

Байқаудың өскелең ұрпаққа берер тағылымы өте мол. Жоба жұмысына сәттілік тілейміз.

Байқау туралы толық ақпаратты 8-707-289-44-75 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

Пікір жазу