Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Е.АЙТАХАНОВ: «БІЗДІ ШЕТЕЛДЕ ТАТУЛЫҚТЫҢ ЭТАЛОНЫ РЕТІНДЕ ТАНИДЫ»

Е.АЙТАХАНОВ: «БІЗДІ ШЕТЕЛДЕ ТАТУЛЫҚТЫҢ ЭТАЛОНЫ РЕТІНДЕ ТАНИДЫ»

18 қазан — Рухани келісім күні мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

Кездесуде қала әкімі діни конфессия басшыларымен дін жұмыстары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар дінаралық қарым-қатынас мәселелерін де талқылады.

«Бүгін өздеріңізді «Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүрегіммен құттықтағым келеді. Біз — көпконфессиялы мемлекетпіз. Тәуелсіздік алғалы бірлігіміздің арқасында өсіп-өніп келе жатырмыз. Бізді шетелде татулықтың эталоны деп таниды. Біз осы ынтымақ-бірліктің үлгісін өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Алдағы жылы мегаполис ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ. Ол үшін жан-жақты дайын болуымыз керек. Сіздер де сол дайындыққа, қала тұрғындарының санасын өзгертуге, ізгіліктің дәнін себуге көмектеседі деген сенімдемін», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Жиналыс соңында қала әкімі конфессия басшыларына Алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*