Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz.

Мәжіліске шаһар басшысы Ерлан Айтаханов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және әкімдіктің басқарма басшылары қатысты.

Жиында Ерлан Қуанышұлы бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын айтты.

«Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту – біздің басты міндетіміз. Бүгінде тиісті нормативтік база қабылданған, нақты мақсат айқындалған. Тек сапалы ішкі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын жою бойынша жүйелі әрі сүбелі жұмыс істеуіміз керек», — деді Е.Айтаханов.

Сондай-ақ, жиында әкімдіктің басқармалары мен аудан әкімдері аталмыш сала бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайында есеп берді.

Айта кетейік, 2019 жылдың өткен мерзімінде Шымкент қаласы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы 77 құқық бұзушылық тіркелген, оның 45-і сотқа жолданған.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*