Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Е.АЙТАХАНОВ: «МҰҒАЛІМДЕР ЕСЕП БЕРУМЕН ЕМЕС, ТӘРБИЕ, БІЛІМ БЕРУМЕН АЙНАЛЫСУЫ КЕРЕК»

Е.АЙТАХАНОВ: «МҰҒАЛІМДЕР ЕСЕП БЕРУМЕН ЕМЕС, ТӘРБИЕ, БІЛІМ БЕРУМЕН АЙНАЛЫСУЫ КЕРЕК»

Бүгін Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде орта білім беру саласын цифрландыру жұмыстары бойынша қала әкімі Е.Айтахановтың қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жиынға «Инновациялық интелектуалдық технология академиясы» ЖШС бас директоры Н.Құдайберген мен қаладағы бірқатар мектептердің директорлары және ұстаздар қатысты.

Цифрландыру бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе екенін жеткізген шаһар басшысы заман талабынан қалмау керегін баса айтты.

«Бүгінде әлем өте қарқынды дамуда. Сол себепті де біз көштен қалып кетпеуіміз қажет. Білім саласындағы цифрландыруға ерекше мән бергеніміз абзал. Себебі мұғалімдер есеп берумен емес, оқушыларға тәрбие, білім берумен айналысуы керек. Цифрландырудың нәтижесінде ұстаздар өз уақыттарын үнемдеп, пайдалы іспен айналысатынына сенімім мол», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, мәжілісте сөз алған «Инновациялық интелектуалдық технология академиясы» ЖШС бас директоры Нұралы Құдайберген аталмыш сала бойынша өз жобасын таныстырды.

Өз баяндамасында Н.Құдайберген мектептерде жасанды интеллектуалды кабинеттер ашып, IT саласының инженерлерін дайындау керегін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі Е.Айтаханов тиісті басқарма басшылары мен мамандарға аталмыш саланы жүйелендіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Пікір жазу