Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ 6285 НАУҚАС ҚАЖЕТТІ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ 6285 НАУҚАС ҚАЖЕТТІ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда барлық онкопрепараттармен қамтамасыз етілген.

Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды, деп жазады Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Брифингке ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, «СК-Фармация» ЖШС Шымкент қаласы бойынша өкілі Ұлжан Нұғманова және БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда барлық онкопациенттер керекті химиопрепараттармен қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді. Онкологиялық науқастар арасында қазіргі таңда дәрілердің жетіспеушілігі жоқ. Онкологиялық науқастардың электрондық тіркеліміне сәйкес диспансерлік есепте 6 285 адам бар, оның ішінде 1 276 науқас амбулаториялық химиотерапиямен ем алса, қалғандары стационарлық ем қабылдауда. Емдеу кезінде дәріге қатысты мәселе туындаған жаңдайда мамандар дәрілердің қолданыстағы бірдей аналогына ауыстырылатынын жеткізді.

Фото: С.Қосаев

 

Пікір жазу