Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте құтқарушылар күні салтанатты түрде атап өтілді

Шымкентте құтқарушылар күні салтанатты түрде атап өтілді

18 қазан — Құтқарушылар күні қарсаңында «Көрме» орталығында салтанатты іс-шара өтті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, іс-шара қонақтары мен ардагерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Г.Құрманбекова, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов қатысып, төтеншеліктерді төл мерекелерімен құттықтады. Олардың қажырлы еңбегін, батылдығын және батырлығын атап өтті. Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың атынан өрт-құтқару спортының үздік спортшыларына, ТЖД қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты іс-шара барысында Ж.Шанин атындағы театр актерлері батыр Бахыт Алпысбаевтың қаза тапқаны туралы сахналық көріністі көрсетті. Бұл көрініс залда ешкімді немқұрайлы қалдырмады.

Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Е.Бахаев жеке құрамға және ардагерлерге Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың құттықтауын жеткізді және Министрлік пен ТЖ комитеті басшылығының атынан медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.

Салтанатты жиын Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның және қалалық №1 балалар саз мектебінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Пікір жазу