Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумы қатысушылар Шымкент қаласын аралады

ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумы қатысушылар Шымкент қаласын аралады

Шымкентте өткен ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумынан кейін Шымкентке келген делегаттар Бəйдібек би ескерткішіне барып, Шымкент қаласының көрнісін тамашалады. Мұнан соң қазақ халқының салт-дəстүрі мен тарихынан сыр шертетін тарихи-өлкетану музейіне барды. Одан кейін Дендросаябаққа арнайы барып, ағаш отырғызды. Сондай-ақ, қала көркін еселеген Арбатты аралады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Оған қоса қала қонақтары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына ат басын тіреді. Онда кілем шығаратын «Бал Текстиль», шұлық тігетін «Алем-БТ» және аяқ киім өндіретін «Lux Shoes» және «Хлопкопром Целлюлоза» зауыттарын аралады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко Шымкентте осынау өнеркәсіптердің қанат жайып дамып жатқанына тәнті екенін жеткізді.

«Күнделікті тұрмыста қолданып, көріп жүрген заттар қалай пайда болатынын өз көзіммен көріп, тәнті болдым. Бір қуанарлығы осынау техникалардың тілін шымкенттік жастар жақсы меңгеріп, өздері жүзеге асыруда. Бұл ауыз толтырып айтатын дүние», — деді В.Божко.

Форум аясында қос елдің бизнес өкілдері бір-бірімен танысып, пікір алмасып, алдағы уақытта қоян-қолтық жұмыс істеуге уағдаласты.

Айта кетейік, Қазақстан мен Чехия Республикасы арасында 2018 жылы ішкі сауда айналымы 942 741 мың АҚШ долларын құраған.

Пікір жазу