Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ 6 КОМПАНИЯМЕН КЕЛІСІМ ТОҚТАТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ 6 КОМПАНИЯМЕН КЕЛІСІМ ТОҚТАТЫЛДЫ

Келісім шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған компаниялар — «Шымкент Тас» ЖШС, «Хаджи-К» ЖШС, Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Арслан» ЖШС, Ұйымшыл Құрылыс» ЖШС және «СПК Шымкент» АҚ. «Бұл мекемелер келісім-шарт міндеттемелерін орындау бойынша есеп тапсырмаған, өңірдің әлеуметтік салаға төлемдер мен салықтар төлемеген», — деп мәлімдеді қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев.

Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Н.Бектаевтың материалына  сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз-брифингінде айтылғандай, жалпы, қазіргі таңда мегаполис аумағында 32 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеуде.

Бұған қоса басқарма тарапынан келісім-шарт міндеттемелерін орындамаған (тиісті төлем жасамаған, есебін тапсырмаған) 20 жер қойнауын пайдаланушыға ескертпе хаттар берілді. Ал әлеуметтік салаға қарызы бар 14 жер қойнауын пайдаланушының ішінде 10 заңды тұлғадан қалалық бюджетке 77,2 млн теңге өндірілді. Ал қалған 4 жер қойнауын пайдаланушыныың 34,7 млн теңге қарызын мәжбүрлеп төлету бойынша талап-арыздар дайындалып, сот органдарына өткізілді.

Сонымен қатар, ҚР Экологиялық кодексінің 20-бабына сәйкес басқарма өз құзыретi шегiнде II, III және IV санатты объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзедi және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді. Тиісінше, 2019 жылдың 9 айы ішінде 501 эмиссияға рұқсат және 73 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілген. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 2019 жылға қоршаған ортаға салық эмиссиясы үшiн жылдық төлемдер 650,0 млн теңгеге жоспарланып, 9 айда нақты өндірілген төлемдер 685,072 млн теңгені құрап, жылдық жоспар 105,4 пайызға орындалған.

Фото — Серик Косаев

Пікір жазу