Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ «МИЗАМ» ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «МИЗАМ» ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Шымкенттік этно-мәдени бірлестік мүшелері ұмыт қалған «Мизам» ұлттық мерекесін тойлады. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Атадан балаға мирас болған салт-дәстүрді дәріптеп, ен даланың рухани байлығын қайта жаңғыртты. Бұл күні «Этностар күні мен мерекесі» аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қазақ елін мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген құрметі ерекше айтылды.

Қазақтың өмір салтында бар «Мизам» ұлттық мерекесі халық арасында ұмыт болып барады. Сондықтан ұйымдастырушылар көне дәстүрге сай мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, елдің берекеге кенелетін кезінде атап өтілетін бұл шараны кеңінен насихаттауды мақсат тұтты.

Жиын барысында күзеу, қарынға май сақтау, ет сүрлеу, диқандар мен бағбандардың жинаған өнімдері жалпы қысқа дайындық барысы  көпшілік назарына ұсынылды. Сахналанған көрініс арқылы «Мизам» мерекесінің мәні толықтай ашылды. Аймақтағы өзге ұлт өкілдерінің басын қосқан жиын соңы қазақ тілін құрметтеуге арналған дөңгелек үстелге ұласты. Онда жастарды ана тілін сүюге, құрметтеуге шақыру жайы талқыланды.

Пікір жазу