Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАНЫМ МӘСЛИХАТЫ

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАНЫМ МӘСЛИХАТЫ

Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқармасы біраздан бері естен шыға бастаған үрдісті қайта жаңғыртып, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылында қаланың бірқатар журналистері мен блогерлерінің басын қосты.

Басқарма басшысы Жанар Бектаеваның жаңа командасы (Сәбит Реметов, Зәуре Оралбаева, Бекен Қоныс, Бибі Айша Нұржанқызы және Айгүл Алишер бастаған қыз-жігіттер) креатив танытып, «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» атты семинар-тимбилдинг өткізді. Алқалы жиынды басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы ашып беріп, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп болған соң, арнайы шақырылған қазақ блогосферасының маманы Асхат Еркімбай және timur academy офлайн-онлайн оқыту орталығының негізін қалаушы, IT аналитик, медиа тренер, SMM эксперт Тимур Бектұр тізгінді өз қолдарына алды.

Кешке дейін созылған бұл басқосу жастардың да, журналистиканың азулы майталмандарының да көңілінен шықты.

Жиын соңында Шымкент каласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысушыларға сертификат табыстап, шығармашылық табыс тіледі.

 

(Ә.Ә.)

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

 

Пікір жазу