Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Адалдық сағаты» өтті

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Адалдық сағаты» өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Адалдық сағаты» өтті.


Кездесуде қоғам белсендісі, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры, философ.ғ.к., доцент Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы «Адалдық сағаты» туралы мәліметтерімен бөлісіп, ұжымға өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру принциптері, шынайы және адал еңбектің маңыздылығы және өркендеген қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы әңгіме өрбітті.


Сонымен қатар шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес комиссиясының мүшесі Ахметбаев Аманбек Молдабекұлы «Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты –мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру деп атап өтті. «Әр еңбек ұжымындағы ынтымақ мен бірлікті нығайтып, пара алу немесе беру салдарының соңы қалай аяқталатынын әр қызметкер түсінуі қажет»- деп шара соңында орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Абданбекұлы Тағаев атап өтті.

Пікір жазу