Басты бет » Қала тынысы » ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

Таңғы сағат 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 861 адам келіп, өз сұрақтарына жауаптар алды. Екі күнге жалғасқан бұл жолғы акция қала аудандарында емес, полиция бөлімдерінде өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау.

«Жолдағы қабылдау» акциясының тиімділігі өте жоғары. Қарапайым халық құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелерге акция барысында тиісті мәселелерін айтып, уақытында тиісті сұрақтарына жауап алып жатады.  Әрі мұндай үрдіс қаламызда орын алғалы көп жылдың шамасы болмаса да, тұрғындардың уақытын үнемдеуде  өз кезегінде тигізер көмегі үлкен. Жолдағы түйіткілдерді құқық қорғау органдарының басшылары азаматтардың өз аузынан естіп біледі.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*