Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттегі Арбатта “Shanyraq fest” этнофестивалі өтті

Шымкенттегі Арбатта “Shanyraq fest” этнофестивалі өтті

Шымкентте алғаш рет «Shanyraq fest» этно-фестивалі өтті. Жиналған қаржы толығымен балалар интернатына аударылады. Шымкент қаласындағы «Арбат» демалыс аймағында алғаш рет «Shanyraq fest» этно -фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған іс-шарада көпшілік өңірдегі түрлі этнос өкілдері дайындаған қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар, фестиваль аясында ұйымдастырылған балалар ойын алаңдары, фотокөрме мен этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламалары көпшілікке көтеріңкі көңіл — күй сыйлады. Әсіресе мұндай мерекенің ұйымдастырылғанына балалар риза, қуаныштарында шек жоқ.

Айта кетейік, фестиваль барысында жиналған қаржы қаладағы есту қабілеті төмен балаларға арналған №2 мектеп — интернатына аударылды.

Жалпы қалалық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткізіліп отырған мұндай шаралардың жас ұрпақ тәрбиесінде берері өте үлкен.

Пікір жазу