Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде

Шымкентте мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде

Шымкентте мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде, деп хабарлайды «Отырар»  телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz».
Жасөспірімдердің психологиясымен дұрыс жұмыс жүргізу. Шымкентте мектеп психологтары арасында   семинар — тренинг басталды. Білім ұясындағы мамандарға медицина ғылымының докторы тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс жүргізудің жолдарын үйретуде.

Психологтардың  біліктілікті  арттыру арналған семинар Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өтуде.

Мектеп психологтарына арналған семинар үш күнге жалғасады. Бұл дәрісті медицина ғылымының докторы, психотерапевт дәрігері, медицина психологы Асимов Марат жүргізуде. Білікті маман жасөспірімдердің психологиясы тақырыбында дәріс оқып, жан күйзелісінің пайда болу себептерін атап көрсетті және оның алдын алудағы  білімнің маңыздылығын түсіндірді.

Семинарды Шымкент қалалық  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған. Шара соңында психолог мұғалімдерге орталық атынан сертификат табысталады.

Қазіргі таңда мұндай шаралардың өткізілуі, әсіресе жасөспірімдермен жұмыс жасаушы психолог мамандарға заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, арттыруларына таптырмайды десе болады.

Пікір жазу