Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте аллергияны қайда емдейді?

Шымкентте аллергияны қайда емдейді?

Шымкентте аллергияны тек Шымкент қалалық №2 ауруханасында ғана емдеуге болады, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Аллергия маусымы басталды. Түшкірініп, пысқырынатын уақыт келді. Көз қышып, мұрын бітеледі. Мазасы кетіп, дем жетпей жүргендерді жиі көруге болады. Және де жас талғамайды. Түшкірсе болды, кейбіреу өзін «аллергиямын» дейді. Диагноз қоюмен шектелсе жақсы ғой. Өз бетінше ем-шараға кіріседі. Ауырған адам не қолданбайды дейсіз. Денсаулығыма қауіп келеді деп ойламайды. Осы кезде оны қалай және қайда емдейміз деген сауал туындайды.

Шымкентте аллергияны тек Шымкент қалалық №2 ауруханасында ғана емдеуге болады. Онда керек десеніз қаланың штаттан тыс бас маман аллергологі да жұмыс жасайды. Шымкент қалалық №2 ауруханың Аллергология және пульмонолгоия бөлімшесі өз жұмысын 2000 жылдан бері жүргізуде. Онда 47 жатын орнымен, 3 ақылы орын бар.

Онымен қоса бөлімшеде 6-дәрігер жұмыс жасайды. Керек десеңіз кез-келген уақытта барып аллерголог пен пульмонолог дәрігерлерінің тегін ақыл-кеңесін ала-аласыз.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*