Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте көркем гимнастикадан республикалық жарыс басталды

Шымкентте көркем гимнастикадан республикалық жарыс басталды

Шымкентте көркем гимнастикадан республикалық жарыс басталды, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасының тілшісі С.Алдабергенованың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Көркем гимнастикадан Шымкентте республикалық екі жарыс басталды. Қазақстанның әр аймағынан жиналған спортшылар ел кубогы мен Қазақстан біріншілігінде бақ сынамақ. Ал, топ жарғандар ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын болады.

Еліміздің барлық өңірінен жиналған көркем гимнасттар үшін Шымкенттегі жарыс өте жауапты. Себебі бәсеке нәтижесінде ендігі жылғы ел құрамасы жасақталады. Бәйгеде бақ сынау үшін барлығы 300-ге жуық спортшы бас қосты. Гимнасттар жекелей және топтық сында өнер көрсетеді.

Айдана Шаяхметова, жарыс қатысушысы: «Мен жаттығудың екі түрінен сынға түстім. Скакалкада сәтті өнер көрсетіп бастаған едім, соңын қателіктермен аяқтадым. Өзімнің көңілімнен шыққан жоқ. Доп жаттығуында да барлығын жақсы бастаған едім. Алайда, соңында асығып, бағдараламаны ойдағыдай аяқтай алмадым».

Жастар және ересектер арасындағы жарыста Шымкенттің намысын еліміздің алдыңғы қатардағы спортшылары қорғамақ. Алина Әділханова мен Роза Абитова бастаған топ жарыстың бірінші күнін сәтті аяқтады. Федерация басшылығының айтуынша жерлестеріміз алтыннан дәмелі.

Муслим Шаназаров, Шымкент қаласындағы көркем гимнастика федерациясының президенті:«Бұл жарысқа қатысушылар еліміздің барлық аймағынан келді. Себебі спортшылар үшін өте жауапты жарыс. Және олардың ақтық бәсекеге қатысуы міндет. Өйткені, жарыс нәтижесі бойынша ел құрамасы анықталады».

Алдағы 2020 жыл спортшылар үшін жауапты. Себебі бірқатар атлеттер әлі күнге дейін олимпиадаға жолдама ала алмай жүр. Олардың ендігі үміті келесі жылы өтетін Азия чемпионаты. Бұған дейін олимпиада лецензиясынан қағылған көркем гимнасттар енді мамыр айында ғана жолдама алуға мүмкіндігі бар.

 

Пікір жазу