Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Хоккейден Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті

Хоккейден Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті

Хоккейден Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, «Отырар» телеарнасының тілшісі Н.Үкібасованың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

4 күн бұрын басталған жарысқа еліміздің әр аймағынан 8 команда келген болатын.   10 жастағы жасөспірімдер арасында Шымкент намысын «Тұран» командасы қорғады. Еске сала кетейік, жерлестеріміз өткен жылы чемпион атанып, ел үздігі болған еді.

Бақытжан Зиябеков, №8 қысқы спорт мектебінің директоры: «Біздің командамыздың дайындығы жаман емес. Біресе ұтады, біресе ұтылады. Ойын ойдағыдай өтіп жатыр. Бүгін соңғы ойындар өтіп жатыр, «Екібастұз» командасымен».

Хоккейден жасөспірімдер арасындағы жарыс барлығы 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы сын Шымкент қаласында өтсе, келесі кездесу Алматы қаласында ұйымдастырылмақ. Ал, жарыс жеңімпаздары тек 2020 жылы анықталады.

Ауа райы қолайлы Шымкент қаласында қыстық спорт түрінен  ұйымдастырылып отырған мұндай шаралардың қала жастары үшін берері көп.

Пікір жазу