Басты бет » Қала тынысы » Е.АЙТАХАНОВ: «ӘР ІСТІҢ БАСЫНДА ӨЗ МАМАНЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

Е.АЙТАХАНОВ: «ӘР ІСТІҢ БАСЫНДА ӨЗ МАМАНЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Е.Айтахановтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz.

Мәжілісте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2020 – 2025 жылдарға арналған жобасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайында мәселелер көтерілді.

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Жаманкөздің айтуы бойынша бүгінде «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылыстары жүргізіліп пайдалануға берілген.

— Кәріз жүйелерін жүргізу (210,1 км), магистралды жылу құбырларының қайта құру жұмыстары (20 км);
-9 мектеп (7200 орын);
-2 инженерлік-коммуникациялы инфрақұрылым нысандары;
-4 автокөлік жолдары;
-2 тұрғын үй құрылысы (7,4 мың шаршы метрді құрайтын 288 пәтер) сынды атқарылған жұмыстар бойынша қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов шаһар басшысына баяндады.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*