Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖЕРЛЕСІМІЗ «ҚҰТҚАРУШЫ – ҚҰРМЕТ БИІГІНДЕ» КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ «ҚҰТҚАРУШЫ – ҚҰРМЕТ БИІГІНДЕ» КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Құтқарушылар күні – кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі Іістер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Құрмет биігінде құтқарушылар» тақырыбында байқау өткізген еді. Бұл іс-шараның мақсаты – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында шығармашылық қасиеттерін дамыту және нағыз талант иелерін анықтау. Аталған байқауға еліміздің барлық өнірлерінен 10 шығармашылық жұмыс ұсынылды.
Байқаудың ережесіне сәйкес ұсынылған өлеңдердің байқаудың тақырыбына сәйкестігі, рифмасы, поэтикалық техникасы мен маңыздылығы ескерілген. Сайыс қорытындысы бойынша «Құтқарушы – құрмет биігінде» атты республикалық байқаудың Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайда басқару басқармасының жедел кезекшісі азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұржан Есалиев жеңімпаз атанды.

Қиын да қызықты әрі жауапты маман иесі бола тұра шығармашылықтан қол үзбей байқауда жеңімпаз атануының өзі үлкен қуаныш.

Құтқарушылар өз кезегінде физикалық жағынан мықты әрі кәсіби маман болу жеткіліксіз. Себебі, құтқарушылар тынымсыз қызметінде апат, зілзала, өрттен бөлек түрлі жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуге де тура келеді. Осы орайда, бұл мамандар өз кәсібінде жан жақты шыңдалған болуы тиіс.

Пікір жазу