Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «КОРОТКОВ» БАЛЬЗАМДАРЫ

«КОРОТКОВ» БАЛЬЗАМДАРЫ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына ие болған кәсіпорындарға ақпараттық тур ұйымдастырылды. Ақпараттық турға қаламыздың тілшілерімен қатар Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де қатысты.

Тілшілер ат басын «PHYTO-APIPHARM» ЖШС-нің «Коротков» бальзамдары өндірілетін цехына бұрды. «Коротков бальзамдары» өнімдерін әзірлеуші, дәрігер-фитотерапевт – Андрей Коротков.
«PHYTO-APIPHARM» ЖШС-i 2005 жылы Шымкент қаласында кішігірім жанұялық бизнес ретінде құрылған болатын, басты негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын жақсарту және жастық шақты барынша ұзарту болып табылады.
Бүгінде бұл серпінді дамып келе жатқан кәсіпорын өнімдері – көп жылдық ғылыми зерттеулердің және көпғасырлық халық медицинасын зерттеулердің нәтижесі.
2017 жылы компания өндірісінің кеңеюіне байланысты қосымша ғимараттың қажеттілігі туындайды. Осы кезде Андрей Коротков «Даму» Қорына барып, «Даму» Қоры мен Әкімшіліктің бірлесе ұйымдастыратын «Аймақтық қаржыландыру «ONтүстік өнімдері» бағдарламасы жөнінде естиді.

Осы орайда бағдарлама бойынша АТФ Банкі арқылы 8,5%-бен қаражат алады, сондай-ақ, жеткіліксіз кепілдікті «Даму» Қорының кепілдігімен толықтырады.

Компанияның барлық өнімдері – өсімдік және жануарлардан алынатын табиғи шикізат негізінде жасаланылады. Бүгінгі күні кәсіпорын ассортиментінде 35-тен астам атау бар және бүкіл Қазақстан бойынша барлық өнімді сатады және Ресейге экспорттайды

 

(Ә.Ә.)

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

 

Пікір жазу