Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда

Жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері тұрғын секторда өрттердің және адам шығынының алдын алуға бағытталған профилактикалық рейдтер жүргізуде. Рейд жүргізу кезінде ТЖ инспекторлары тұрғындармен газ жабдығын, пешпен жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы әңгіме өткізеді, орын алған кемшіліктер мен оларды жою тәсілдері көрсетіледі.

Тұрғындардың әлеуметтік бейімделмеген топтарына – қарт азаматтарға, көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға – ТЖ қызметкерлері ерекше көңіл бөледі. Жылыту маусымы кезеңінде бірлесіп өткізілген кезекті рейд жұмысына ТЖ бөлімінің қызметкерлері, газ шаруашылығы қызметкерлері және Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұлов қатысты. Айта кету керек, бұл оның қатысуымен өткен алғашқы шара емес.

Өртке қарсы рейд барысында мамандар тек аулаларды аралап қана қоймай, аз қамтылған отбасының пәтерінде газ дабылқақыштарын орнатты. Бұл категориядағыларға: Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар; жасы және қызмет өтілі бойынша зейнеткерлер; 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; қарулы күш құрылымдарының зейнеткерлері; көп балалы аналар жатады. Әсіресе, қысқы мезгілде газ және пешпен жылытудың, әсіресе бүкіл отбасы ұйықтап жатқан түнгі уақытта қауіпті екенін мамандар мұқият болуды қатаң ескертеді.

 

Пікір жазу