Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТЖ қызметкерлері мамандық таңдауда көмектеседі

ТЖ қызметкерлері мамандық таңдауда көмектеседі

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Парасат» колледжінде өткен «КТИ-ға түс» республикалық акциясын өткізді. Іс-шараға кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Қамбаров және Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар  бөлімінің маманы Жолдас Ахметов қатысты.

Іс-шара аясында оқу орнының студенттеріне интерактивті алаң ұсынылды. Төтенше жағдайлар  қызметкерлері Көкшетау техникалық институты туралы бейнеролик көрсетіп, түсіндіру жадынамаларын таратты. Жас ұрпақ институттың материалдық — техникалық базасымен танысты, оларды түлектердің жетістіктерімен таныстырып, жоғары оқу орнының болашағы туралы әңгімеледі. Бейнеролик сондай-ақ акция қатысушыларына Өрт сөндіру және адамдарды құтқару кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қолданатын өрт — техникалық қару — жарақ пен авариялық — құтқару жабдықтары туралы айтып берді.

Іс-шара соңында қонақтар табысты қызметтің кейбір құпияларымен бөлісіп, маңызды және қажетті мамандыққа қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

 

Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу