Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЕСКІЛІКТІҢ БОДАНЫНДА ҚАЛЫП КЕТТІК…

ЕСКІЛІКТІҢ БОДАНЫНДА ҚАЛЫП КЕТТІК…

Тәуелсізбіз дейміз… Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеп жүрміз… Айналада не болып жатқанын тек қана көр соқыр көрмей, тас керең естімейтін жағдай емес пе? Бүкіл елді былай қойғанда, Оңтүстік өңірін алайық! Жемқорлар мен жағымпаздар жайлап кетті…
Тағы бір «мақтан тұтар» жағдайымыз бар. Өзіміздің құрамы өзгермейтін «Политбюромыз» пайда болды. Оның құрамында жетпіске жетейін деген және жетпістен асып кеткен «данышпандарымыз» ғана бар. Олар барлық үлкенді-кішілі жиындардың төрінде отырып, елді дұрыс арнаға бағыттаудың орнына, өз-өздерін ұсынып, бүкіл марапаттар мен сыйлықтарға тойымсыздық танытып келеді. Араларында мемлекеттік бюджетті майшелпекке айналдырғандары да бар. Жастарға жол беретін абыз қарияларымыз қайда кеткен? Теңге десе ауруға ұшыраған кемпір-шалдарды қай кезге дейін төбемізге көтеріп жүреміз? Бұлардың «даналық» сөздері қайда? Тойымсыздар мен ашкөздерді құрметтейтін заман-ай!..

ген

Пікір жазу