Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӨНЕР ДЕП ӨТКЕН ӨЗАҒА…

ӨНЕР ДЕП ӨТКЕН ӨЗАҒА…

Шымкенттегі Әдеп-ғұрып, салт-дәстүр орталығында ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, белгілі этнограф Өзбекәлі Жәнібековке арналған бұрыш ашылды. Бұған қоса «Дәстүрдің дара діңгегі» атты кеш аясында қоғам қайраткері Ө.Жәнібековке арналған бюсттің ашылу салтанаты өтті.

Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Қ.Нұрғабылдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Көпшілік этнограф ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме — экспозицияны тамашалады. «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық музейінің негізін қалаушы Ө.Жәнібековтің еңбегі орасан. Ұлт жанашыры қасиетті тайқазанның тарихи орнына оралуына атсалысты. Қазақтың әдеп — ғұрпын, қолөнерін дәріптеді. Фольклорлық ерекшелігін, мәдени мұраларын зерттеді. Көрнекті мемлекет қайраткерінің «Уақыт керуені», «Жолайрықта», «Отырар» сынды жинақтары жарық көрген.

Жиында Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім, жазушылар М.Байғұт, ақын Қ.Төретай, С.Жәнәбіл, К.Айдарбекова сынды зиялы қауым өкілдері белгілі этнограф ғалымның шығармашылығы мен еңбектеріне тоқталып, ой-пікірлерін білдірді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу