Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Бағдарламаға сәйкес тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бағдарламаға сәйкес тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы сәйкес тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді.

Тарқатып айтар болсақ,  аудан аумағындағы 672 көпқабатты тұрғын үйлердің  40%-ы (269) ескірген үйлер болып табылады. Атап айтқанда, 1935-1940 ж.ж аралығында-11 үй, 1941-1960 ж.ж-128 үй, 1961-1980 ж.ж-282 үй, 1981-2000ж.ж-251 тұрғын үйлердің құрылыстары жүргізілген.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі» бағдарламасына сәйкес 2011 жылдан бастап жалпы 56 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылдың басынан                 5 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта қаржы қаралған жағдайда ұсыныс білдірген 44 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тиісті басқармаға ұсыныс жолданды.

Жоғарыда көрсетілген ескі үйлер бойынша, 2015-2017 жылдарға арналған «Шымкент қаласы бойынша сейсмонығайту жұмыстарын қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлердің бағдарламасына» сәйкес 10 үйге сейсмонығайту жұмыстары жүргізіліп,  қосымша 124 үйді аталған бағдарламаға сәйкес, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсынылды.

 

 

Пікір жазу