Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР БАҚ СЫНАСТЫ

ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР БАҚ СЫНАСТЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмана сәйкес, Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы барлық облыс, қалалардан келген білімді де талантты жастар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген жас өрендердің тәжірибелері ортаға салынып, білімдері сыналды.
Қатысушылар төрт кезеңнен тұратын үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашып, эссе жазып, сондай-ақ ілеспе аударма жасай отырып, өз білімдерін ортаға салды.


Қатысушылар өздерінің білімдерімен ғана емес, сонымен қатар, тапсырманы орындау барысында өзіндік шығармашылық тәсілдерімен олимпиаданы қызықтыра түсті.
Жоғары оқу орындарынан арнайы шақырылған ғалымдардан құрылған қазылар алқасының құрамы үміткерлердің білімдерін бағалау барысында тілді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен мазмұндылығына, жауаптың орамдылығына және толықтығына назар аударды.

Жүзден жүйрік шығып, білім бәйгесінде оза шапқан олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

(Ә.Ә.)

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу