Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Шымкент шаттық шырағы» жазба ақындар мүшәйрасы

«Шымкент шаттық шырағы» жазба ақындар мүшәйрасы

«Шымкент шаттық шырағы» жазба ақындар мүшәйрасының

ЕРЕЖЕСІ

«Серпіліс» қоғамдық қоры Шымкент қаласы ішкі саясат және дін басқармасының тапсырысымен «Шымкент шаттық шырағы» атты жыр мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйраның мақсаты:

· Шырайлы Шымкент қаласының өркениет пен мәдениет ордасы екенін бүгіні мен ертеңін, тарихи және табиғи келбетін өлең – жырға өзек ету, поэзия тілімен насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

Мүшәйраның тақырыптары:

· Шымкент қаласы;

· Тәуелсіздік.

· Еркін тақырыптағы өлең.

Байқау шарттары:

— Ақындардың жасына шек қойылмайды. Байқауға Шымкент қаласы және Түркістан облысының ақындары қатыса алады.

— Өлеңдер көлемі 10 шумақтан аспауы қажет;

— Ақын өзі туралы мәліметті (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, мекенжайы, байланыс телефоны және жеке суретін) ұсынады;

— Ұсынылатын өлеңдер бұрын жарияланбаған болуы керек.

Байқауды өткізу тәртібі:

— Өлеңдер 2019 жылғы 5 желтоқсанға дейін қабылданып, ашық түрде әділ қазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Тек жеңімпаз деп танылған ақындар қаржылай марапатталады.

— Әділ қазылар алқасының сараптамасынан өткен үздік өлеңдер жинаққа енгізіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарға жүлделер 2019 жылғы желтоқсан айында табысталады. Мүшәйраға түскен үздік өлеңдерден құрылған жыр жинағының тұсаукесері өткізіліп, Тәуелсіздік күніне орай өткен іс-шараларда табысталады (200 дана кітап).

Өлеңдерді мына адреске жолдау қажет:

Мекен-жайымыз: «Серпіліс» ҚҚ.

Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 2/2. «Серпіліс» ҚҚ-ның офисі

Байланыс тел.: жұмыс: 8725228-34-07 Ұялы: 87053655741

Электронды пошта: serpilis-kz@mail.ru

 

МҮШӘЙРАНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ: 325 МЫҢ ТГ.

1-ші, 2-ші, 3-ші және 1 ынталандыру сыйлығы тағайындалады

1-ші орын 150 мың тг.

2-ші орын 100 мың тг.

3-ші орын 50 мың тг.

1 ынталандыру сыйлығы 25 мың тг.

Пікір жазу